Шара аясында полицейлер “Достар” балалар үйіне барды. Олар осы жылы оқу бітіретін түлектердің басын қосып, сыйлықтарын тапсырды. Балаларға демеу ретінде сыйақы да таратты. Сонымен қатар, 10-шақты полицей игі іс жасауға уақыт бөліп, 450 мл-ден қан тапсырды. Жалпы мұндай шара облыстық ІІД-де дәстүрге айналған.
Самал Құсаинова – начальник ИАЦ ДВД СКО:
– Полицейлердің жұмысы ең алдымен қоғамға көмектесуден басталады. Қан тапсыру да игі шаралардың бірі. Біздің бұл ісіміз басқаларға үлгі болады деп ойлаймын.
Молдир Макишева