Қоғам

Өңірдің басты шыршасы жағылды

Салтанатқа жиылған дүйім жұрттың қатары қалың болды. Оларды аяз ата мен ақша қар, ертегі кейіпкерлері қарсы алып, көңілдерін көтерді. Балалар мен ересектер сырғанақ теуіп, би билеп, суретке түсті. Ал жаңа жылдық шыршаны жағу салтанаты әсерлі от шашумен жалғасты. Бұл мерекелік шарамен қала тұрғындары мен қонақтарын өңір басшысы Құмар Ақсақалов құттықтады.

Құмар Ақсақалов – СКО әкімі:


– Барлық солтүстікқазақстандықтарды өңірдің басты шыршасының жағылуымен және келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. 2017 жыл өңір үшін табысты болды. Диқандарымыз мол егін жинады, қалада бірнеше жаңа әлеуметтік нысан бой көтерді. Онымен қоса шаһар тұрғындарына 1463 пәтер табысталды, 29 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. Келер жыл бұдан да табысты әрі мерейлі болады деп сенемін.

 

Саят Ермек