Спорт

Петропавлда бильярдтан қалалық турнир өтті

Адай Шалтыбаев, жарысқа қатысушы, Көкшетау қаласы:

-Жыл сайын қатысамыз. Биыл үшінші жыл келіп отырмын. Өзіммен ұлымды да ерте келдім.

Ал, Бексұлтан Бижановтың бильярд таяғын қолына алғанына 10 жылдан асыпты. Әуесқой спортшы алғашқы қарсыласы Руслан Шамшиевке 0-2 есебімен есе жіберіп алды. Ал, келесі ойыншы Аскен Жолдасовты дәл осындай есеппен жеңді.

Бексұлтан Бижанов, сайысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

-Мұндай турнирлардың өткені, әсіресе біз сияқты зейнет жасындағы адамдарға жақсы. Қатысушылардың арасында жастардың қатары артқан. Бәрі мықты ойыншылар. Жалпы, бильярдта бастысы, геометрияны сақтау керек. Шарға таяқ арқылы дұрыс соққы жасау қажет. Өзім екі ойынды аяқтадым. Енді үшінші қарсыласыммен бақ сынасамын.

Бильярдтан қалалық турнир Петропавлда осымен 16-шы жыл ұйымдастырылып отыр. Биыл мұнда 20 азамат бағын сынап көруде. Ұйымдастырушылардың айтуынша қатысуға ниеттілердің қатары жыл санап көбейіп келеді.

Бөтагөз Жүнісова, “BOWLING centre №1” ойын-сауық кешені директорының орынбасары:

-Сайыс бильярдтың “Мәскеу пирамидасы” түрінен өтуде. Қызықты жарысқа жыл сайын көкшетаулық қонақтар келеді. Қазір, әсіресе әуесқойлардың арасында қызығушылық басым. Сондықтан, қатысуға ниет танытқан кез келген адамға есік ашық. Мұндағы мақсатымыз – өңірде аталмыш спорт түрін дамыту. Айта кету керек, біз Қазақстан бильярд федерациясымен әріптестік орнатқанбыз. Егер республикалық дәрежеде бильярдтан сайыс өтсе біз осындай жарыстарда көзге түскен ойыншаларды ұсынамыз.

Ойын қорытындысы бойынша көкшетаулық Артур Өтебаев үздік атанды. Оның жүлдесі – 80 мың теңге. Ал, 40 мың теңге тігілген екінші орынды жергілікті Руслан Шамшиев, 10 мың теңге тағайындалған үштікті мейман Марғұлан Шалтыбаев қанжығалады.

 

 

Акбопе Танирберген