Сайыс өз ісіне адал отансүйгіш қалам иелерінің қажырлы еңбегін таныту мақсатында ұйымдастырлған. Байқауға телеарна, радио және газет тілшілері қатысты. Қаламды жанына серік еткендер негізінен “Ерлік”, “Меценат”, “Қазақстандық бренд” тақырыптарында төл туындыларын ұсыныпты. Шығармашылық сайысқа арнамыздың атынан екі әріптесім қатысты. Қазылар алқасы Ольга Файзулина және Александра Салминаның сюжеттерін ерекше атап өтіп, олардың еңбегін ақшалай сыйлықпен бағалаған. Қос тілші өз материалдарында халықтың әл-ауқатын көтеруге атсалысып жүрген кәсіпкерлер туралы жазған.