МТРА жаңалықтары

19 қазан- құтқарушылар күні!

Дмитрий Кабанцов- СҚО ТЖД техника және құрылғылар бөлімінің инженері:

-Бұл жылжымалы өрт сөндірушілердің зертханасы. Мұның ішінде 2,5 киловат электр станциясы және құтқарушыларға автономды жүйеде жұмыс істеуге арналған өзге де құрылғылар бар. Осы машинаның арқасында өрт болған орынды жылдам анықтап, апатты ауыздықтауға көмек көрсетіледі.

Бұдан соң жиын облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында жалғасты. Ең алдымен төрге СҚО ТЖД туы салтанатты түрде енгізілді.

Құтқарушылардың жұмысы өз өміріне қауіпті болып келеді. Дегенмен, олардың алға қойған басты міндеті- халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Сондықтан болар, азаматтық қорғаныс күні, осы залда отырған әр азамт үшін маңызды мереке. Өйткені бір кездері бұл жандар нақ осы құтқарушы қызметін таңдаған. Күн-түн демей, кез келген уақытта қызыл жалынмен арпалысып, төтенше жағдайға төтеп беру оңай іс емес. Мұны сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Ерік Сұлтанов атап өтті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Құрметті азаматтық қорғаныс саласының ардагерлері мен қыөметкерлері! Осыдан 20 жыл бұрын ҚР төтенше жағдайлар қызметі құрылған болатын.Осы уақыттан бері біздің құтқарушыларымыз төтенше жағдайлардың алдын алу, халық пен олардың мүлкін сақтап қалу, апатпен күресу сияқты жауапты міндеттерді бұлжытпай орындап келеді. Өз өмірлерін қатерге тігіп, өзгенің өміріне араша түсетін құтқарушылардың еңбегі ерлікке пара-пар.

Кейін үздік құтқарушылардың еңбегі еленді. Оларға аймақ жетекшісінің құрмет грамоталары және алғыс хаттары табыс етілді. Асқар Абығаев – Тимирязев аудынандағы №18 өрт сөндіру бөлімінде 16 жылдан бері еңбек етеді. Бүгін құтқарушы облыс кімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Асқар Абығаев- №18 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, Тимирязев ауданы:

-Бүгін әкімнің грамотасын алып жатырмын. Ол маған стимул жұмыс істеуге. Рахмет. Қуаныштымын.

Кәсіби мейрам қарсаңында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар солтүстікқазақстандықтар «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Олардың қатарында 31 жылын салаға арнаған Ноғай Жамалиев те бар.

Ноғай Жамалиев- азаматтық қорғау органдарының ардагері:

-Біз жолдасымыз екеуміз осы салада жұмыс істедік. Ол 1963 жылы мен 1965 жылы келдім. Содан бастап еңбек еттік. Қиын жұмыс отқа да, суға түсу қажет. Осы жағдайда екеуіміз бірдей істедік.

Кейін мереке иелеріне өңіріміздің өнер ұжымдары ән мен биін арнады.

Бүгіндері өңірдің төтенше жағдайлар саласында 930-ға жуық адам еңбек етеді екен. Жыл басынан бері құтқарушылар 126 адамның өмірін өлімнен арашалап қалған.

 

 

Магжан Ахмадина