Зарина Нұғыманова-қатысушы:
– Мен бұрын осыған ұқсас байқауға қатысып, алдыңғы қатардан көрінген едім. Бұл сынға бір жарым ай дайындалдық. Сол уақыт ішінде қыздармен достасып кеттік. Бірақ бүгін жеңімпаз атану үшін бар күшімді саламын.
Биыл “Мисс Петропавл”- 2017 байқауының шарттарына бірқатар өзгерістер енгізілген. Мәселен шығармашылық сайыстардың орнына, қатысушылар қазақтың ұлттық киімі, спорттық киім және кешкі көйлектерін киіп, дефиле көрсетті. Одан бөлек қазылар қойған сұрақтарға жауап берді.
Сұлу бойжеткендер байқауға дейін бір жарым айға жуық дайындықтан өткен. Осы уақыт ішінде балалар үйіндегі балғындармен жолығып, өздерін фотосессия, аспаздық өнер, мэйкап, шаш жасау үлгісі шеберлік сағаттарында байқап көрген. Тән сұлулығынан гөрі, жан сұлулығы маңыздырақ демекші, ұйымдастырушылар осындай іс-шаралардың көмегімен қатысушылардың шынайы жан дүниесін, мінезін көрсетуді мақсат еттік дейді.
Инесса Багинская- ұйымдастырушы:
– 3 қыркүйек күні өткізілген кастингке 35 үміткер қатысты. Соның ішінен 16 қызды таңдаған болатынбыз. Алайда 4 қатысушы конкурстан бас тартты. Таңдап алынған қыздармен шеберлік сағаттарын жүргіздік. Олар алдын-ала әділқазылар алқасымен танысқан болатын. Біздің аруларымыз ең сұлу, ақылды және тәрбиелі екенін көрсетті.
Қатысушылар мен көрермендер демін ішіне тартып, сайыс қорытындысын күтіп тұр. Қала аруын білуге санаулы сәттер қалды. Жанкүйерлер көңілден шыққан аруларды олардың фотосуреттері мен жылы лебіздері жазылған плакаттар арқылы қолдауда. Бірақ, жеңімпаз тәжі тек озығына бұйырды.
Сонымен , “Мисс Петропавл” 2017 атағын 5 нөмірлі Кристина Дахно жеңіп алды. Дайана Майлина 1- ші вице-мисс атанса, 2-ші ару атағы Зарина Нұғымановаға бұйырды.
Кристина Дахно:
– Шынымды айтсам, жеңіетініме сенімді болдым. Жеңісіме өте қуаныштымын. Дайындық кезінде көп нәрсеге үйрендім. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе деп ойлаймын. Сүйікті ісім-суретке түсіру.
Жүлдегерлерге тәж бен ақшалай сыйлықтардан бөлек, демеушілердің атынан сертификаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді. Айта кетейік, сайыс жеңімпазы “Мисс Қазақстан” байқауында Петропавл қаласының намысын қорғайды.