Мемлекеттік тілді насихаттау жобасы осымен төртінші жыл ұйымдастырылуда. 3 жыл ішінде түсіндіру жұмыстары 8 облыста өткізілген. Биыл бұндай шаралар өз жалғасын табуда. Теріскейге дейін осындай кездесулер Қостанай облысында ұйымдастырылыпты. Ал, алдағы уақытта бұндай жұмыс Ақтөбе, Павлодар және Шығыс Қазақстан өңірлерінде жүргізіледі. Отырыс мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қолданылу аясын кеңейту. Сондай-ақ, жиында сөз болған басты мәселе – латын жазуына көшу. Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі Дос Көшімнің сөзінше, жаңа әліпбидің жобасымен бұқараны қараша айында таныстырмақ. Оны ғалымдар 1 дыбыс – 1 әріп деген қағиданы ұстанып, жасаған екен. Қазір әліпбиде 42 белгі болса, болашақта оның саны 25 пайызға азаяды.
Дос Көшім, ҚХА ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаттанушы:
– Әр облыста 10 кездесуден өткіземіз. Бұндай жұмыс, әсіресе, орыстілді тұрғындары көп аудандарда жүргізіледі. Қарапайым халыққа мемлекеттік тілдің мәртебесін түсіндіру қажет.
Эльмира Садвокасова