Асқар  Жанкин өз кінәсін алғашқы отырыста-ақ толығымен мойындаған еді. Бұл ретте оның  адвокаты судьяға жазаны айыппұл ретінде кесуді сұраған. Яғни, Жанкиннің  туған-туыстары алынған параның мөлшерінен 60 есе көп ақша төлеуге әзір. Бұл  шамамен 120 млн теңгені құрап отыр. Ал, мемлекеттік айыптаушы пара алған  азаматтың жиған-терген мүлкін тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік қызметке  орналасу құқығынан және 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Десе де,  адвокат Дәулет Өміралин судьяға айыппұлмен шектелуді өтінуде. 
Дәулет  Өміралин – Асқар Жанкиннің адвокаты:
– Менің қорғауымдағы Асқар Жанкин өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінуде. Бұл ретте, оған жазаны айыппұл ретінде тағайындауды сұраймын. Себебі, Асқар Жанкиннің отбасындағы 7 адам жұмыссыз отыр. Айту керек, қорғалушым 5 айға жуық уақытша ұстау изоляторында болды. Ол бұл уақыт аралығында өз қателігін түсінді деп ойлаймын.
Айгерим Ержанова