Майлы дақылдарға тиесілі алқаптар 40 пайызға, дәнді және бұршақты дақылдардың аумағы екі есеге ұлғайтылыпты. Бұл туралы өңір жетекшісі Хабар телеарнасының тілшілеріне берген сұхбатында айтты. Құмар Ақсақаловтың пайымдауынша, рапс, дәнді дақылдардың шығымдылығы төмен болмауы тиіс.
Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Астық қабылдайтын элеваторларымыз толығымен дайын. Облысымызға 75 мың тонна жанармай бөлінеді. 50 пайызы жеткізілді. Нарықтағы бағасы сәл жоғары – 140 теңге. Диқандарға литрі 137 теңгеден өткізілуде. Қазіргі таңда өңірімізде жасымықты жинау басталды. Гектар берекелігі жаман емес. Негізгі орақ науқанын тамыз айының 20-сына қарай бастау жоспарлануда.
Берік Қасен