Оралдан келген кәсіпкер Ғайса Жұмалиев Елордаға жеке шаруаларымен келген екен. Халықаралақ көрмеде бұған дейін де болған. Бірақ, кіруге үлгермепті. Павильондарды аралап кетпекке бұл жолы тағы бас сұққан. Жолы болған деген осы шығар, азаматтың қолына дәл екі миллионыншы билет ілігіпті. Батысқазақстандық азаматты ЕХРО ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың өзі құттықтады.
Көрмеде әр елден келген меймандар келушілер назарын тек “Жасыл” экономикамен ғана емес, өздерінің мәдениетімен де аударып бағуда. 6-12 тамыз аралығында Италия павильонында Базиликата күндері өтуде. Келушілерге бұл елдің дәстүрі, асханасы, қонақжайлылығы таныстырылып, тарихи және көркем жерлері жайлы әңгімеленеді. Сондай-ақ, Италия павиьонында француз суретшісі Фабрис Муароның көрмесі өтуде.
Акбопе Танирберген