Олар Ресей Федерациясына заңсыз өтуге ниеттеніпті. Олардың көші-қон карточкаларының қолданылу мерзімі аяқталғандығы белгілі болды.
Бибігүль Әбділманова, СҚО ІІД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
 –  Шетелдік азаматтарға қарсы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 517-ші бабы бойынша әкімшілік құжаттар жиналып, арнайы сотқа табысталды. Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 1558 шетелдікті жауапқа тарттық.
 
 Саят Ермек