Сергей Липко – СҚО ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы:
– Іс-шара барысында біз жоспар бойынша Қызылжар ауданының аумағында жұмыстар жүргізіп жаттық. Жол үстінде келе жатқан жүк артылған «Нива» автокөлігі күдікті болып көрінгесін тоқтаттық.
Жүргізушінің айтуынша, олар етті бейтаныс азаматтардан сатып алған. Есіл ауданының тұрғыны бұл әрекетін басқаша түсіндіре алмады.
ЖҮРГІЗУШІ:
Да, в Заречном остановились покурить, там эти два мужика остановились, мясо предложили. Мы взяли, по ходу подставили.
– А что за мясо.
– не знаем, посмотрели, мясо, мясо.
Есіл ауданының тұрғыны браконьерлік әрекетке барғаны үшін жауапкершілікке тартылған екен. Енді полицейлер бұл істің мән-жайын анықтайтын болады. Келтірілген шығын көлемі 900 мың теңгеден асып отыр. Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. «Биоресурстарды қорғау» жедел-алдын алу іс-шарасы шілде айының соңына дейін жалғасады.
Берік Қасен