МТРА жаңалықтары

Қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті

Бұл жердегі киім жеткіншектерге ұнағанға ұқсайды. Жасөспірімдер тіпті газтұтқышты киіп те көрді. Ал, мында қызметтік құрал-жабдықтар жайғасқан. Мәселен, мынау -үрлемелі фанарь. Оның ішін желмен толтырады. Кейін, төтенше жағдай орын алған жерде белгі ретінде қолданады. Алысқа жарық шашады екен. Қаз-қатар тізілген көліктер де ұл-қыздарды ерекше қызықтырды.

Александр Гончар – №2-ші арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

–  Маған газтұтқыш ұнады. Мамандар маған оны кидіріп, сол арқылы тыныстауды үйретті.

Елена Кукса – №2-ші арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

–  Маған көліктер ұнады. Олар әдемі әрі үлкен.

Тағы, өрт сөндірушілер апаттық жағдай орын алғанда қолданатын құрылғыларды таныстырды. Тіпті, іске қосып көрсетті.
Айта кетейік, бұл ашық есік күніне тілшілер қауымы да қатысып отыр.

– Мына мен жүгіріп келе жатқан жер психологиялық даярлық жолағы” деп аталады. Бұл жер оқу-жаттығу жиындары кезінде отқа оранады екен.

Бұл кедергілерді өрт сөндірушілер оңай бағындырды. Олар ұжым болып бірлесе әрекет етті. Оттың ортасынан өтті. Кедергілерді де бағындырды.

Балалар мамандардың өнеріне қызыға ду қол шапалақтады. Шара ұйымдастырушылары жеткіншектерге осындай жиын арқылы қызыл жалынның қаупін және оның алдын алуды түсіндірмек ниетте.

Әсет Сердалин – СҚО ТЖД кезекші өрт сөндіру қызметі жедел кезекшісінің орынбасары:

 

– Бүгін өрт сөндірушілер жастарды жұмыстарымен толық таныстырды. Болашақта олар мамандардың ақыл-кеңестерін ескерсе дейміз.

Ал, соңында өрендер тапсырманы өздері орындады. Олар көктен лақтырылған допты арнайы төсеніштің көмегімен қағып алды.

Култанов Байболат