Ауа райы

Облыстық ІІД журналистерді мерекелерімен құттықтады

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне әлі бір аптадан астам уақыт бар. Бірақ, ішкі істер органдары өздерінің жылы лебіздерін бүгін төртінші билік өкілдеріне арнады. Ең алдымен қызыл жолмен жүріп өткен БАҚ өкілдері, залға өтіп, өңірдің бас полицейі Берік Біләловтың құттықтауын тыңдады. Бұдан соң, баспасөз турында көзге түскен журналистер мен Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай жарияланған байқауға қатысқан тілшілер марапатталды. Сайыста бағы мен бабы қатар шапқандардың бірі – «Хабар 24» арнасының меншікті тілшісі Айдарбек Балғабеков. Ол «Үздік бейнесюжет» аталымында бірінші орынды жеңіп алды.

Айдарбек Балғабеков – «Хабар 24» арнасының меншікті тілшісі

– Мен байқауға қару-жарақтар туралы материал жіберген болатынмын. Сол еңбегімді міне, бағалап отыр. Алғыс айтамын.

 

Магжан Ахмадина