Мереке қарсаңында ішкі істер департаментінің қызметкерлері отбасы үлгісіндегі балалар ауылына да барып қайтты. Бұл жерде тәрбиеленетін 9-шы сынып оқушылары тәртіп сақшыларының келуін әрдайым асыға күтеді екен. Осы жолы жасөспірімдер үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрсетті.
Жергілікті полиция қызметкерлері тасқын судан зардап шеккен тұрғындарды да назардан тыс қалдырмады. Кезекті гуманитарлық көмек Заречный кентінің тұрғындарына жеткізілді.
Наталья Басова – Заречный кентінің тұрғыны:
– Мереке қарсаңында бізге сертификатталған 106 келі сиыр етін әкелді. Бұндай көмектің көрсетілуіне біз ризамыз. Барлық тұрғындар атынан алғысымды білдіремін.
Еске сала кетейік, алдыңғы аптада тәртіп сақшылары азық-түлік пен алғашқы тұтынымдағы заттарды қызыл судан зардап шеккен тұрғындарға жеткізген болатын. Бұл мақсатта полиция қызметкерлері жарты миллион теңге көлемінде қаражат жинаған.
Эльмира Садвокасова