Мұнда қазақ, орыс, татар, украин, поляк ұлттарының би элементтері біріктірілген.
Ал мынау – тек қыздардан құралған «Кроковянки» ансамблі. Тайынша қаласынан келген олар бүгін поляк ұлтының өнерімен таныстыруда. Өткен жылы қыздар мың бұрала билесе, биылғы концертте олар ән айтуды жөн көрген.
Валерия Краевская – байқауға қатысушы, Тайынша қаласы:
– Біз поляктың «100 күлкі» атты әнін орындадық. Көрерменге ұнады деген сенімдеміз. Жалпы бұл фестивальге біз екінші рет қатысып жатырмыз. Мұндағы көңіл-күй қатты ұнайды.
Мерекеге орайластырылған байқауға аудандар мен облыс орталығынан жиылған 25 өнер ұжымы қатысты.
Ирина Колодаева – Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары
– Дәстүрге айналған фестивальға фольклорлық, хореографиялық ансамбльдер мен вокалдық топтар қатысуда. Олар көрермендерді елімізде тұрып жатқан ұлттардың мәдениетімен таныстырады. Бұл – шара балалардың бойында отансүйгіштікті оятады.
Айту керек, бұл фестиваль 15 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болады.
Айгерим Ержанова