Жасыл алаң қожайындары екінші таймда Мусса Лиманенің орындаған 11 метрлік айып добының арқасында таразы басын теңестірді. Дегенмен де теріскейлік қорғаушы Мамуту Кулибали ойынның аяқтаулына сынық сүйем қалғанда қарсылас қақпаға гол соғып, жеңіс тойын тойлады. Енді үш ұпай еншіліген “Қызыл-Жар СҚ” командасы турнирлік кестеде 6-орында тұр. Жерлестеріміз өздерінің келесі ойынын мамырдың 6-сы күні “Қарасай” стадионында “Жетісу” құрамасына қарсы өткізеді.
Риат Шони