Қазақстандықтар 31 күнге созылатын бұл айдың тек 20 күнін жұмыста өткізеді. Ал, мамырдың өзге 11 жұлдызы мерекелер мен демалыс күндеріне түсіп тұр. Сәуірдің соңғы күндері сенбі-жексенбі болғандықтан мамыр үш күндік демалыспен басталады. Айдың алғашқы күні – Қазақстан халқының Бірлігі мерекесі. Ал, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні жексенбіге келетіндіктен жерлестеріміз мамырдың 8-і, яғни дүйсенбі күні демалады. Ал, келесі күні 9 мамыр – Ұлы жеңіс мейрамы. Осылайша қазақстандықтар 4 күн қатарынан тынығатын болды.
Ақбөпе Тәңірберген