Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қызылжар ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бүгінде Сергеев гидроторабындағы судың деңгейі 14 см-ге көтерілген. Бөгеттің ернеуінен асып ағып жатқан су 212 см. Облыста 4 елді мекенге тасқын жеткен. Су үйлердің ауласын басып, бірқатар баспаналарға кірді. 5 мыңнан астам саяжай тасқын астында қалды. Тағы өңірде жолдарды 7 жерден су шаю үстінде.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бүгінгі күні облыс бойынша 171 үйге су кірген. Өткен тәулік күні Есіл өзенінде судың деңгейі 34 см көтерілді. Ол әлі де көтеріледі деген болжам бар.

Риат Шони