Қанша жерден көненің көзі әрі мұраға қалдырылған дүние болса да нәзік жанды карабинді кезекті акциялардың бірінде ішкі істер органдарына тапсырды. Соның ақысы ретінде оған 34 мың теңгеден артық қаражат беріледі. Негізі өңірде қару-жарақты сатып алу науқаны сәтті жүргізілуде.
Бұл алдағы уақытта криминогендік жағдайдың жақсаруына оң әсерін тигізеді дейді тәртіп сақшылары. Сондай-ақ заңсыз аң, құсты атып алу фактілері азаюға тиісті. Соңғы үш жыл көлемінде солтүстікте заңсыз айналымнан 1 300-ден артық қару тәркіленіпті. Акцияға қатысушыларға 45 млн теңгенің өтемақысы төленген.
Берік Қасен