Бастапқыда, петропавлдықтар ойынды жақсы бастады. Александр Егоров алғашқылардың бірі болып есеп ашты. Бірақ, екінші және үшінші периодта теміртаулықта тізгінді өз қолдарына алып, құлагерліктердің қақпаға екінші гол соғуына мүмкіндік қалдырмады. Өздері алдымен есепті теңестіріп алды.
Артынан екі шайбаны жерлес құраманың қақпасына дарытты. Ойында 3-1 есебімен теміртаулықтар басым түсті. Қос команда келесі күні кездесіп, құлагерліктер 2-0 есебімен қарсыласынан есе қайтарды. Ол кездесуде команда капитаны Ильгиз Нуриев ерекшеленді. Енді алда хоккейшілерді плей-офф ойындары күтіп тұр. Наурыздың 19-ы “Құлагер” клубы 1/4 финалының аясында алғашқы кездесуді “Ертіс” командасымен сырт алаңда өткізбекші.
Берік Қасен