Кейін аймақ басшысы жатақхананың ішін аралап көріп, құрылысшылардың жұмысына жоғары бағасын берді. Осы күні “Севказэнерго” АҚ жұмысшылары энергетиктер күнімен құттықтады.
Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Кәсіби мерке күні “Севказэнерго” АҚ өз қызметкерлеріне және қала тұрғындарына жаңа жатақхананы тапсырып жатыр. Бұл үйден пәтер алғандардың көңіл-күйлері жақсарып, еңбек етуге деген ынталары артады деген ойдамын.
90 пәтерлі үйдің 18-і баспана кезегінде тұрғандарға берілмек. Қалған пәтерлерді “Севказэнерго” АҚ жұмысшылары жалдап тұрады. Денис Шишкин солардың бірі. Ол осыған дейін ата-анасымен тұрып келген.
Денис Шишкин – “Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы” АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері:
– Кәсіби мерке қарсаңында жұмысшыларға үй беріліп жатқаны қуантады. Пәтердегі бөлмелер кең, әрі жарық. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Алдағы уақытта енді үйленіп, келіншегіммен осында қалағанымша тұра аламын.
Жамбыл көшесі, 223 мекен жайында орналасқан тұрғын үйдің әр пәтерінде ас бөлмесі мен жуынатын орны бар.
Берік Қасен