Сапарғали Шамшуменов – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:
– Егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ын құрайды. Базалық зейнетақы мөлшері 10 жылдан артық болса әрбір жыл үшін 2 %-ға ұлғайтылады және қатысу өтілі 35 жыл және одан да көп болған жағдайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрайды.
Зейнетақы алу үшін ер адамдардың еңбек өтілі 25 жыл, әйелдердікі 20 жылдан кем болмауы тиіс.
Сәулеш Дюсенбина – “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕАҚ СҚО бойынша филиалы – “ӘТВЕО” департаментінің директоры:
– Егер тұрғындардың жалақысы төмен болса, олар міндетті түрде қосымша кіріс көзін іздеу керек. Жұмыс берушілер оларға жылына бір рет емес, ай сайын зейнетақы қорына аударым жасап тұруы тиіс. Біз осыған қарап базалық зейнетақыны тағайындаймыз.
Жастар болашақта мардымды зейнетақы алу үшін қазірден бастап мекемелерде келісім-шарт негізінде жұмыс істеп, ай сайын қордағы зейнетақы аударымдарын тексеріп тұруы тиіс дейді мамандар. Жиынға №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің мұғалімі Данияр Дощанов та қатысты. Ол мамандардың кеңесіне үнемі құлақ асып жүремін дейді.
Данияр Дощанов – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің мұғалімі:
– Білім саласындағы жалпы еңбек өтілім 6 жылды құрайды. Зейнетақы жүйесінің реформалануы өзекті тақырыптардың бірі. Болашақта мардымды зейнетақы алғым келеді. Сондықтан осы жиынға қатысып, өзгерістерді сұрап білдім.
Тиісті ведомсвто өкілдері білім және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлеріне зейнетақы жүйесіне қатысты қоғамда жиі туындайтын сұрақтарға тұшымды жауап қайтарды.
Берік Қасен