Ауыл шаруашлығы басқармасының қыркүйектің 16-на берген мәліметіне сүйенсек, аграрийлер 2 млн 390 мың гектардағы сары алтынды орып алыпты. Бұл облыс бойынша жалпы егістік алқабының 74 пайызынан сәл жоғары. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2 млн 166 мың гектардағы бидайды бастырып, тағы 3 млн 733 мың тоннасын қамбаға жеткізді. Облыс бойынша гектар берекелігі шамамен 17,2 центнерден айналуда. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштен 2 центнерге жоғары.
Магжан Ахмадина