Ал 2014-ші жылдың сәйкес мерзіммен салыстырғанда компаниялардың саны 112-ге жетіпті. Ең көп инновациялық белсенділікті ірі кәсіпорындар танытыпты. Барлығы өткен жылы инновациялық өнімнің көлемі 11 млрд 753 млн. теңгеден асып, сомасы 11 млрд 434 млн. теңге болатын тауар сатылған.
Ал азық-түліктік және үрдістік инновацияға кеткен шығынға келер болсақ, бұл көрсеткіш 16 млрд 250 млн. теңгеге жуықтады. Оның 78,3 пайызы заманауи машина, қондырғы мен бағдарламалық қамсыздандыруға жұмсалған. Айта кету қажет, шығысқа жұмсалған қаражаттың негізгі бөлігі компаниялардың өз ақшасы. Ол 12,5 млрд теңгеден асады.
Риат Шони