Александр Михайлов – Петропавл қалалық ІІБ Жерглікті полиция қызметінің бастығы:
– Биылдан бастап тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында үш ауысымдық кезекшілікке көшті. Бұл өзгеріс нәтижесіз емес, қалада ұсақ құлмыстар саны азайып отыр. Жыл басынан бері алкогольдік өнімдерді сату бойынша заңнама талаптарын бұзудың 300-ден астам құқықбұзушылық фактісі тіркелді.
Жыл басынан кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қалада 125 рейд өткізіп, 76 жасөспірімді есепке алған. 6 айдың ішінде кәмелек жасқа толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыстар саны 2 пайызға азайыпты.
Александр Михайловтың сөзінше, жартыжылдың ішінде жол қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері де кеміді.
Александр Михайлов – Петропавл қалалық ІІБ Жерглікті полиция қызметінің бастығы:
– Жыл басынан бері “Автобус”, “Транзит” сынды бірқатар жедел алдын алу шараларын өткізіп, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 20 мыңнан астам адам ұсталды. Оның 287-сі рөлге мас күйінде отырған. 169 жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Көлікті басқарған 483 адам тұрғындардың жаяу жүргіншілер жолағынан өтуіне кедергі келтірген. Сондай-ақ, 3 мыңнан астам жүргізуші көлікте қауіпсіздік белбеуін тақпаған және тағы сонша жаяу жүргінші жол қауіпсіздік ережесін бұзды.
Жыл басынан бері түрлі әкімшілік заңбұзушылықтарға барған тұрғындардан жиынтық құны 78 млн 604 мың теңге айыппұл өндіріліп алынды.
Берік Қасен