Спорт

Азия чемпионы Азамат Нұрпейісов бақилық болды

Былтыр тамызда солтүстікқазақстандық кикбоксшының өкпесінде қатерлі ісіктің бары анықталған еді. Дертін ұзақ уақыт созып, асқындырып алған спортшының ауыр хәлде жатқанын да хабарлаған болатынбыз. Барлық қазақстандықтар, оны танитын әлем спортшылары болып еміне қаражат жинады.

Азамат жиылған қаржыға Корея еліне барып бірнеше рет химия терапия алды. Бұл оның өмірін бір жылға дейін созуға ғана көмектесті. Бойындағы сырқатпен күрескен халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің кейінгі уақытта жағдайы төмендеп кеткен. Кикбокстен Азия чемпионы Азамат Нұрпейісов орда бұзар 30-ға толар-толмас шағында жарық дүниемен қош айтысты. Марқұмның соңында кішкентай жалғыз ұлы қалды.

 

Акбопе Танирберген