ТКШ

Петропавлда жылыту маусымына дайындығы жөніндегі құжаттарын 5 көпқабатты тұрғын үй алған

Виталий Куль – “Луч Петропавл” тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы:

-Пластик құбырларды біз 10 жыл бұрын орнатқанбыз. Енді заң бойынша оны темірге алмастыру керекпіз. Біртіндеп ауыстырып жатырмыз. Бірақ, бір жылдың ішінде олардың барлығын жаңарту физикалық тұрғыда мүмкін емес. Негізі біз қыс маусымына толық дайынбыз. Бірақ, түрлі себептер бойынша құжатымызды бермей жатыр.

Талап бойынша элеваторлық торап жүйесі бар үйлерге полипропиленнен немесе металлопластиктен жасалынған жылыту құбырлары орнатылмауы керек. Оның үстіне қыс мезгілдерінде құбыр жарылып кетсе, бірден дәнекерлеуге келмейді. Бұндай апаттық жағдайлар қаламызда бұған дейін болған екен.

Александр Захарьян – “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженері:

-Біз заң бойынша құбырлары полипропиленнен немесе металлопластиктен жасалған үйлерге жылыту маусымына дайындық жөнінде құжатты бермеуге құқылымыз. Мұндай құбырларды жаңа салынған үйлерге ғана орнатуға рұқсат етілген. Себебі, онда автоматты түрде реттеу жүйесі бар. Апат болған жағдайда ол су беруді бірден тоқтатады.

Сонымен, автоматты реттеу жүйесі жоқ үйлердің тұрғындары өз пәтерлеріндегі жылу құбырларын темірден жасалғанына алмастырулары қажет. Өйткені, апат туындаса оған тұрғындардың өздері кінәлі болып шығады. Жалпы облыс орталығында 1041 көпқабатты тұрғын-үй бар. Оның 5-уі алдағы жылыту маусымына дайындығы жөніндегі құжаттарын алған.

 

Риат Шони