Умарали Бегалиев – Соколовка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
-Жері жақсы, жұмсақ. Суды Есіл өзенінен аламыз. Келешекте жердің аумағын ұлғайтпақшымыз. Бұл жердің ауа райы маған жақсы жағып жатыр. Далада кең тыныстап, жұмыс істегенде шаршамай өзімді жеңіл сезініп жүремін. Жан-жағымда аққайың ағаштары өсіп тұр. Не дегенмен де ауасы таза. СҚО-на келгеніме қуанамын.
Үйдің үлкені – Умарали Бегалиев ОҚО-нан ата-анасы, інісі Акбарали, қарындасы Нафисамен былтыр күзде Соколовка ауылына біржола көшіп келіпті. Өңірімізге қоныс аударушылар жақында мемлекеттен бір реттік – жиынтық құны 912 мың теңгенің көтермеақысын алды. Күнгейден келгендер әзірге баспананы жалдап тұрмақ. Шералиевтер әулеті негізгі табыс көзін бағбандық істен айырып отыр. Маусының ортасынан 2,5 тонна қияр жинап, табиғи таза өнімді облыс орталығындағы “Южный” базары мен көршілес ауылдардағы дүкендерге көтерме бағамен (120 тг) өткізіпті. Маусымдық жұмысқа тартылған барлығы 15 адам еңбегіміздің ақысын күндегісін алып тұрамыз дейді.
Валентина Килина – Соколовка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
-Біз осы жердегі барлық жұмыстарды атқарамыз. Көктемде тұқымдарды жерге сіңіріп, ұдайы арам-шөптерді жұламыз, жерді қопсытамыз. Жаз бойы көкөністерге күтім жасап, өнім жинауға атсалысамыз. Еңбекақымыз айына 30 мың теңгеден шығады. Жұмыс орным үйіме жақын.
Бағбандық – машақаты көп іс әрі одан түскен кіріс айналым қаражатын толықтыруға жетпейтін көрінеді.
Акбарали Бегалиев – Соколовка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
-Жергілікті билікке және іскер азаматтарға өтінішім бар. Маған қолы ашық азаматтар немесе банктер 2017 жылы 6 айға 5 пайыздық үстемеақымен3 млн ақша қарызға берсе деймін. Ол қаражат маған ауыл шаруашалығымен айналысу, айналым қаражатын толықтыру үшін қажет.
Өзбек ағайындарының келешекте 30 бас сиыр алып, сүт және ет сату ісімен мықтап айналысу жоспарларында бар екен.
Жалпы осы жылы Қызылжар ауданына Оңтүстіктен 16 отбасы қоныс аураған. Барлығына жиынтық құны 5 млн 270 мың теңгеден артық көтермеақы берілді. Жыл соңына дейін аталмыш ауданға 2 жанұя көшіп келеді.
Берік Қасен