Қоғам

Астана күніне орай Тайынша ауданында бірақатар әлеуметтік нысандар ашылды

Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ішінде мұрағаты бар аудандық орталық кітапхана қолданысқа берілді. Бұрын мұнда сауда үйі болған екен. Нысанды жаңғыртуға 250 млн теңге жұмсалыпты. Елорда күніне орай ауданда “Сұлтан” деп аталатын жаңа мейманхана да ашылды. Екі қабатты нысанның бір мезеттегі сыйымдылығы 450 адамды құрайды. Мейрамхананың қосымша 100 адамға шақталған жазғы асханасы да бар. Енді мұнда 20 тайыншалық жұмысқа тұра алады. Орташа айлық жалақы – 50 мың теңге. Сондай-ақ, бұл күні ауданда “Фруктовый мир” деп аталатын дүкен ашылды. Нысанда 6 адам еңбек етеді.

 

Риат Шони