Радик Синтиков, “La Scala” тобының солисті:
-Біздің репертуарымызда түрлі жанрдағы әндер жетерлік. Бүгінгі концертке репертуарымыздан 4 ән әкеліп отырмыз. Көрермен көңілінен шығу үшін тек ретро әндерін ғана емес, жаңа сарындағы әндерді де тарту етпекпіз.
Ауа-райының келеңсіздігіне қарамастан, жиналған қонақтар 80-інші жылғы хит әндерді тыңдап, би билеп, көңіл көтерді, жастық шақтарын еске алды.
Облыстық филармония ұжымы аталмыш шараны мамыр айының 13-інен бастап өткізуде.
Мұхит Ахметов, ретро кешін ұйымдастырушы, облыстық филармония режиссері:
-Қаламызда бұл өткізіліп жатқан бірінші концерт емес. Шара мамыр айынан бастап төртінші мәрте өткізілуде. Облыс басқармасының қолдауымен жұма-сенбі күндері осындай іс-шаралар өткізіп тұрамыз.
Жеңіс және демалыс саяғында мұндай кішігірім шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрмақ.