Кейбір аудандық бөлімдерде қайта жоспарлау жүргізілмек. Оның жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Сондай-ақ, қоғамдық кеңесте жақсы көрсеткіш ретінде Мамлют ауданындағы уақытша ұстау изоляторында жұмыс істейтін медициналық қызметкердің тәжірибесі мысалға келтірілді. Бұл мекемеде полицейлерге ыңғайлы болу үшін әр дәрі-дәрмекке нұсқама жазылған. Сол арқылы тәртіп сақшылары науқасқа дәріні қашан және қалай беру керек екенін біле алады.
Дәурен Идрисов – СҚО ІІД ӘПБ бөлімшесінің бастығы:
-Тайынша ауданындағы ішкі істер бөлімінде құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторы бірінші қабатқа көшірілетін болады. Қазір ол жертөледе орналасқан.
Риат Шони