Бұл жағдайды ескере отыра, еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында 40 күнге қауіптің “сары” деңгейі белгіленді. Сол себепті, өңір тұрғындарын алдын ала сақ болуға шақырамыз. Қоғамдық жерлер мен көліктерде иесіз жатқан сөмкелер мен қораптарға, сымдар мен техникалық құрылғыларға назар салыңыздар. Оларды тасымалдауға немесе уақытша сақтау мақсатында бөгде біреулердің қолынан алмаңыздар. Құқық қорғау органдары құжаттарды тексерген кезде оларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Осы орайда, мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына ғана назар салғандарыңыз абзал.
Айгерим Ержанова