Балалар

Балалар күніне тарту

Мақпал Алпысова- Петропавл қалалық ІІБ кадрлық жұмыс бөлімінің аға инспекторы:

-Көпбалалы отбасылар, мүгедек балғындар, аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар мен оқу үздіктеріне арнап көңілді мереке өткізіп жатырмыз. Бұл мереке біздің балалларға деген жауапкершілігімізді еске салады. Бала- біздің болашағымыз. Сондықтан балғындардың құқығы сақталуы үшін, олардың бахытты болуына міндеттіміз.

Мұнда ән де, би де бар. Ал ең бастысы жүздері қуаныштан бал-бұл жанған бүлдіршіндер бассейінде шомылуға асық. Жаттығулар жасап болған бүлдіршіндер енді емін-еркін суда жүзіп жүр. Мұндай демалыс олардың көңілінен шыққаны анық.

Есенғали Төлеген- Әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы:

-Мен бүгін аквапаркке келдім. Достарыммен ойнадым. Суға түстім.

Томирис Мартемьянова- Әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы:

-Мен бүгін бірінші рет келген жоқпын. Бірақ мереке көңілімнен шықты. Жаңа достар таптым.

Асыр салып ойнап, суға шомылып жатқан 25 бала өз уақытын көңілді өткізуде. Тәртіп сақшылары балғындар үшін мұндай қызықты да пайдалы мерекелерді алдағы уақыттарда да ұйымдастырмақ.

 

 

Магжан Ахмадина