МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы Заречный кентіне барар жолдың бір бөлігін су шайып кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше Есіл, Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарын қоса алғанда 8 үй топан су астында қалған. Ал Петропавл гидроторабындағы қызыл су деңгейі 4 сантиметрге төмендесе керек. Десе де қазірде тас жолдың 528-ші шақырымын су шайып, оның деңгейі 60 сантиметрге жетіп отыр. Осы күні су шайған учаскеде полицейлер тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Бұған қоса, шаһардың Заречный кентіне көпір жақтан кіре беріс маңындағы екі жол аумағын қызыл су басқан. Тәртіп сақшылары кент тұрғындарына сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.

 

Бакыт Садуакасов