Спорт

Теріскейлік спортшылар жекпе-жектен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды

Наурыздың 25-і мен 28-і аралығында Қызылорда қаласында жекпе-жектен балалар мен жасөспірімдердің респуликалық жарысы өткен болатын. Дүбірлі додада жұдырық түйістіруге өңірімізден 7 бірдей өрен аттанып, олжалы оралды. Жас жеткіншектер 2 алтын, 1 күміс пен 2 қола еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленіпті. Енді жерлес спортшылар жаз айларында Ақтау қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қызу дайындық жүргізуде.

Виталий Чуприна – Республикалық жекпе-жек федерациясы СҚОФ жетекшісі:

 

– Ел біріншілігіне 200-ге жуық мықты спортшылар қатысты. Бізге жарыс қожайындарының өрендері айтарлықтай қарсылық танытты. Кей сәттерде төрешілер ұпайды әділетсіз солардың спортшыларының еншісіне жазып жатты. Бірақ, Иван Купцов деген шәкіртім бір қарсыласын нокаутпен тізе бүктіріп, мықты екендігімізді дәлелдеді. Дегенмен де финалға жолдама үшін өткен кездесуде Қазақстанның чемпионымен жұдырықтасып есе жіберді. Қалған шәкірттерім үмітімді ақтап, жүлделі орындарды иеленді. Мен бұған қуаныштымын.

Риат Шони