Ауыл шаруашылығы

Облыста “Дипломмен ауылға” мемлекеттік бағдарламасы қарқынды іске асуда

Маргарита Кузнецова – Қызылжар аудандық мәдениет үйінің режиссері:

-Мен 2012-ші жылы Петропавлдағы өнер колледжін тәмамдадым. Кейін түрлі мейрамханаларда ән айтып, табыс таптым. Сосын осындай жақсы бағдарлама бар екендігін естіп, бірден қажетті құжаттарымды жинап тапсырдым. Маған жалпы сомасы 12 мың АҚШ долларын құрайтын несие мен 138 мың теңге көтермеақы берілді. Бұған мен Бескөл ауылынан үй алдым. Жұмыс орныма жақын. Ал осы күнге дейін қалада пәтер жалдап тұратынмын.

“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” Маргарита Кузнецоваға несиені 15 жылға бөліп берген. Қазір нәзік жанды айына 12,5 мың теңгеден төлеуде.

Азамат Жанбеков – “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ ауыл ипотекасы бойынша маманы:

-2010 және 2015-ші жылдар аралығында облыс бойынша “Диапломмен ауылға” бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2,1 млрд теңге болатын 1074 займ берілді. Оның ішінде өткен жылы 416 млн теңге болатын 157 несие рәсімделді. Ал биыл 318 млн теңге беріледі деп жоспарланған.

Бүгінде облыс бойынша 39 адам өздеріне берілген несиені толығымен өтепті. Жалпы “Дипломмен ауылға” бағдарламасына көбіне білім, медицина және мәдениет саласының мамандары сүйенеді екен.

 

 

Риат Шони