Ал келешекте мұнда күніне 40 тонна құс тезегінен 1 МВт электр энергиясын алу көзделуде. Шикізатты олар жақын маңда орналасқан «Алекри» құс фабрикасынан алады. Қазір екіжақты әріптестік те жасалды.
Самат Кабдуллин- «БиоТэс» ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:
– Бүгіндері шаруаның 30 пайызы тындырылған. Бізге деген мемлекет қолдауы жақсы. Оның үстіне жаңартылған энергия көздерін қолдануғаиқатысты заң жобасы да бар. Кәсіпорын ашылғанда 8 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Бүгін мұндағы жұмыстармен облыс әкімі Ерік Сұлтанов танысты. Жаңартылған энергия көздерін қолдануға қатысты мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынған бұл жобаның құны 1 млрд теңге. Оны толығымен астаналық «БиоТЭС» серіктестігі өз қаржысына тұрғызуда.
Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:
– Қыркүйек айында нысан ашылуы тиіс. Сондықтан жұмысты жалғастырып, уақытыл аяқтаңыздар.
Өндіріске ресейдің қондырғылары орнатылатын болады.
Магжан Ахмадина