Құқық қорғау органдары

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев жергілікті полиция қызметінің жұмысымен танысты

Орталық алаңда орналасқан «Модуль» стационарлық бекетіне аялдаған Вице-министрге нысанның техникалық жабдықталуы көрсетілді. Мұндағы бейнебақылау жүйесі тәртіп сақшыларына қауырт кезде шұғыл әрекет етуге септігін тигізеді. Кейін, Ерлан Тұрғымбаев мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болып, автодром және автокөліктерді тексеруге арналған жабық бокстың жұмысын байқады.
Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің мамандары Ішкі істер министрінің орынбасарына атқарған жұмыстарын баяндап, жыл басынан 7 мыңнан астам құқық бұзушылық фактісін тіркегендері жайлы мәлімдеді.

 

Айгерим Ержанова