Динара Сыздықова – жас анна:
-Желтоқсан айы біздің отбасымызда үлкен қуанышпен есте қалатыны сөзсіз. Өйткені, дүниеге ұлым Санат келді. Есімін әкесі таңдады. Дәрігерлердің болжауынша, мен желтоқсанның 16-сы босануым керек еді. Бірақ, тұңғышымыз бір жұма бұрын дүниеге келді. Салмағы – 3 кг 800 грамм, бойы 58 см болып туылды. Денсаулығымыз жақсы. Бүгін үйімізге барамыз.
Анас мен баласын перзентханадан шығарып алу үшін жақын туыстары жиылған. Құттықтаушылардың арасында халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де бар. Бүгін олар сәбидің ата-анасына балаларының алғашқы құжатын салтанатты түрде табыстады.
Руслан Шамшиев – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚОФ директоры:
-Бүгін жас босанған екі анаға балаларының туу куәліктерін салтанатты түрде табыстаймыз. Тәуелсіздік қарсаңында біз осындай акцияларды жиі ұйымдастырып тұрамыз. Мұндай шара аудандарда да өтеді. Мысалы, бүгін облыс бойынша ХҚКО-ның 8 бөлімі 13 перзентке алғашқы құжаттарын берді.
Жыл басынан СҚО бойынша ХҚКО-ның қызметкерлері 6400-ден астам сәбидің ата-анасына туу туралы куәліктерін берген.
Айгерим Ержанова