Бұл байқауға Қазақстанның 7 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары қатысты. Жеңімпаздар тізіміне 5 солтүстікқазақстандық қыз-жігіттер де іліккен. Үздік деп танылған жерлестерімізге бүгін “Нұр Отан” партиясының атынан салтанаты түрде дипломдар мен бағалы сыйлақтар табыс етілді.
Ақжүніс Мұсырман, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ жанындағы партиялық бақылау инспекторы:
– Біздің облысымыз бойынша 5 бала жүлдегер атанды. Оның бірі Жамбыл ауданының оқушысы 1-ші орынды иеленді. Қалған 4 бала Ғ.МҮсірепов және Аққайың аудандарынан және қалалық жалпы білім беретін лицейдің 2 оқушысы бар. Олимпиаданың мақсаты жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру.
Айгерим Ержанова