Қарашаның 17-сі өткен жаңа мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Серікбай Тұралинов қатысты. Ғимарат “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасы аясында бой көтеріп отыр. Оның құрылысымен мердігер компания – “Колорит-Север” ЖШС айналысқан. Жалпы жобаның құны 130 млн теңгеден асып жығылады.Қазірі уақытта Ақжар ауданында 4 бірдей мектепке дейінгі білім беру ошағы жұмыс істеуде. Онда 1 мен 6 жас аралығындағы 400-ге жуық балғын тәрбие алады.
Риат Шони