Алдағы уақытта кітапхана, мұражай, театр сынды мәдениет ошақтарының ұжымдары “ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні” мерекесіне орай ауқымды шаралар ұйымдастырмақ. Мысалы, қарашаның 24-і СҚ Мемлекеттік мұрағатында Ұлт көшбасшысына арналған ерекше фотоқұжаттар көрмесінің алғашқы таныстырылымы өтеді. Онда өңір мұрағатшылары 80-ші, 90 жылдардағы сирек құжаттарды ұсынуды жоспарлап отыр.
Ләззат Жолаушинова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың әдіскері:
– Отырыста елбасының ел үшін атқарған еселі еңбегін жайында айтып жатырмыз. Мерекеге дайындықты пысықтаймыз.
Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының “Нұр Отан” бастауыш партия ұйымына 100-ден астам адам мүшелік етеді. Бүгінде солардың бірқатарына партия мүшелеріне арналған этика кодексі түсіндірілді.
Тұрсын Молдахметова, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының “Нұр Отан” бастауыш партия ұйымының төрайымы
– Пртияның әрбір мүшесі өзінің күн сайынғы адал еңбегімен қоғамдық-саяси тұрақтылығын, ұлттық бірлігі мен қоғамдағы келісімін нығайтып экономикалық жағынан мықты, демократиялық мемлекетті құруға ұмтылуы қажет.
Қазір экономика үшін қиын-қыстау кезеңде елдің абыройы, жетекші партияның беделіне нұқсан келтірмей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ел мүддесі үшін әр азамат адал еңбектену қажет деді жиынға қатысушылар.
Риат Шони