Ольга Смышляева – «Ростан» ЖШС зертхана меңгерушісі, Аққайың ауданы:
– Жеткізілген әр партияны тексереміз. Өткен жылы «Лактан» деген құрылғыны алдық. Соның көмегімен сүттің майлылығын, ақуыз көлемін барлық көрсеткіштерін тексереміз. Жасалған азықты да үнемі бақылауда ұстаймыз. Егер белгілікті бір қоспалары жеткіліксіз болса, бірден мамандарға айтамыз.
Ал мына цехта ірімшіктің түр-түрі дайындалады. Қазір зауыт қызметкерлері балқытылып ысталған өнімді жасауда. Мамандар ірімшікті арнайы бумамен қаптап, кейін оны керекті температурада сақталуға жөнелтеді. Тек сосын ғана ол тұтынуға даяр тауар болмақ.
Надежда Богатырева- «Ростан» ЖШС цехінің шебері, Аққайың ауданы:
– Ірімшік балқытылып, барлық қоспалары қосылады. Температуралық режімнің сақталуын қатаң бақылаймыз. Өнім бумамен қапталғанда әлі ыстық күйде болады. Сондықтан, біз оны салқындатуға жөнелтеміз. Ол онда тәулік бойы тұрады. Кейін қораптарға салып, сату орындарына жеткіземіз.
Ірімшіктен бөлек, серіктестікте май өнімдері дайындалады. Күніне оның 2 тоннасы шығарылады екен. Күнделікті дастарханымыздан кетпейтін майды мұндағылар еш қоспасыз әзірлейді. Сондықтан, дәмі ерекше дейді мамандар. Әрине, түрлі компонеттер қосылатын май да әзірленеді. Тіпті, дәмі тіл үйірер шоколад қосылғаны да бар. Бүгіндері кәсіпорын тауарын Ресейге экспорттайды. Жыл басталғалы кәсіпорын көршілерімізге 40 тонна өнім экспорттаған. Өткен жылы кәсіпорын индустрияландыру картасына енген екен. Ал биыл ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіпті.
Екатерина Мордвинцева, “Ростан” ЖШС сапа жөніндегі маманы, Аққайың ауданы:
– Жаңа сепаратор, майға арналған қаптама станогын алдық. Ол өнім көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Тағы біз ресейліктердің қызығушылығын тудырып отырмыз. Олар бізден бүгіндері май мен ірімшік алады. Өйткені, тауардың сапасы жақсы, қоспасыз әрі бояғыштарсыз жасалады.
Күніне кәсіпорынға 20 тонна сүт жеткізіледі. Ақты мұндағылар Тайынша, Аққайың және Қызылжар ауданының тұрғындары мен шаруашылықтардан алады. Жалпы серіктестікте 50 адам еңбек етеді. Жыл басталғалы бері олар құны 123 млн теңгеден астам өнім өндірген.
Магжан Ахмадина