Құқық қорғау органдары

Облыс орталығында “Есірткісіз қала” іс-шарасы өтті

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері нашақорлар тұруы мүмкін деген жерлер мен үйлерді аралап шықты. Нәтижесінде облыстық наркологиялық орталыққа келмей жүрген 9 адам ұсталды. Олардың ішінде 36 жасар нәзік жанды да бар. Қала тұрғыны болып шыққан ару ақ ұнтақты 18 жыл бойы тұтынып келеді екен.

Одна у вас судимость?

– Да.

– А когда освободились?

– В мае 2010 года.

– В настоящее время чем занимаетесь?

– Ничем, дома сижу.

– А на что живете?

– У меня муж работает.

– Когда у вас было последнее употребление?

– Вчера.

– А то вы употребляли?

– Героин.

Жыл басынан облысымыздың тәртіп сақшылары 250 кг-ға жуық түрлі есірткіні заңсыз айналымнан алып тастады. Мамандардың айтуынша, дәл осындай рейдтардың арқасында облысымызда заңбұзушылықтар саны біраз азайған көрінеді.

Данияр Найкин – Петропавл қаласының ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы:

–  Бұл іс-шараның басты мақсаты нашақорлық пен есірткі бизнесін болдырмау, және ақ ұнтақты пайдаланатындарды наркоорталық пен оперативтік органдар тізіміне тіркету. Ал бастысы, жастар арасындағы есірткі пайдалануды жою.

Жалпы бүгінде облыстық наркологиялық орталықта 768 адам тіркеуде тұр.

Айгерим Ержанова