Қоғам

Күз-сенбіліктер маусымы

Надежда Завьялова – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектерді оңалту бөлімінің басшысы:

-Жалпы, Қарттар мен мүгедектер айлығы 1-ші қазан мен қараша аралығында өтеді. Ал оған дейін біз ауа райының қолайлы сәттерін пайдаланып, осы сенбіден бұл жұмыстарды бастау керекпіз. Қайырымыдылық сенбіліктерден түскен қаржының жартысы қарт және мүгедек жандарды құрметтеу үшін мекемелердің өзінде қалдырылса, қалғаны аудандық, қалалық, облыстық ардагерлер ұйымдарының шотына аударылады. Айлық аясында бұл азаматтарға көмектер көрсетіліп, олардың қысқа қамдануына жағдайлар жасалады.

Сенбіліктерге барлық кәсіпорындар мен мекемелер қатыспақ. Қарапйым солтүстікқазақстандықтар да игі шарадан тыс қалмаймыз деп отыр.

-Бұрындары барлығы бірігіп шығатын. Қазір сенбіліктер аз болады.

-Көшелерді тазалау жұмыстарына шығамыз. Барлығымыз ат салысу керек.

Көпшілік көрікті қаламыз атына заты сай болуы тиіс дейді.

Мағжан Ахмадина- тілші:

-Шаһарымыздың күннен-күнге гүлденіп, жақсарғаны өзіміз үшін маңызды. Сондықтан, әдемі, әсем қалада қыдырып, дем алғыңыз келсе, онда көшелердің тазалығына сіз де ат салысуыңыз керек.

 

 

Магжан Ахмадина