Билік

Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

 

 

 

Өңір  басшысының жаңадан тағайындалған орынбасары Қайрат Бекенов 1978 жылы туған. Ол мемлекеттік басқару , Құқық және нарық , ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академияларын тәмамдаған.  Облыс әкімі Қайрат Бекеновтың осыған дейінгі атқарған қызметтерімен таныстырды. Қайрат Әскербекұлы қызмет жолын Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторлығынан бастаған. Кейіннен Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі болған.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Қайрат Әскербекұлының алдына келесі міндеттерді қоямын:қайта өңдеу  өнеркәсібін, шағын және орта бизнес салаларын дамытуды жалғастыру, мемлекеттік үдемелі  индустриалды-инновациялық даму, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағдарламаларын  жүзеге асыру.

Қайрат Бекенов өз кезегінде қойылған талаптарды орындауға дайын екендігін білдірді.

  Қайрат Бекенов,  СҚО әкімінің орынбасары:
–  Елбасының тікелей берген, сіздің тікелей берген тапсырмаларға байланысты оларды орындауға, өңірдің өркендеуіне сіздің үлкен ұжымыңыздың бір мүшесі ретінде, орынбасар ретінде бар күш-жігерімді салуға дайынмын.

Қайрат Бекенов бұл қызметке Президент әкімшілігі мен өңір басшысының келісімімен тағайындалған.

 Әспет Әбдірешова