Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері сенбілік ұйымдастырды

Қазизтай Шарапов – СҚО ІІД тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы:

-Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудағы басты тұлғалар – полицейлер. Олар елді-мекендер көшелерінде тәртіп бұзушылармен күреседі. Біздің әкімшілік ғимараттарымызды абаттандыру мен оларды тазалықта ұстауымыз қала тұрғындарына үлгі болуы тиіс.

Игі шара ұйымдастырылған күні облыстық Ішкі істер департаментінің үш ғимараты, әкімшілік полиция, Петропавл қ. ІІБ-на қарасты бірнеше нысан маңы тазартылып, тәртіпке келтірілді.

Дархан Наурызбаев – СҚО ІІД Техникалық қызмет басқармасының қызметкері:

-Бүгін міне сенбілік ұйымдастырылды. Оған барлығымыз білек сыбана кірісуде. Ол құптарлық іс.

Айта кету қажет мұндай сенбіліктер өңіріміздің 13 ауданындағы ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері де өткізді. Бұл шараны полицейлер Қарттар күніне арнап, өздерінің бір күндік жалақыларын облыстық ІІД арадгерлер кеңесінің қорына аударған екен. Жалпы сома 7 миллион теңгеден асып жығылады.

 

 

Риат Шони