35 шаршы метрлі 1 бөлмелі баспана үшін 2 жыл бойы 511 доллардан төлеп келді. Кейін америкалық валюта өскен сайын қарыз көлемі де артып отырған. Тапқаны онсыз да күнделікті ас-суынан қалмайтын петропавлдық үшін кейінгі несие сомасы тіптен қолжетімсіз болып кеткен.
Валентина Лымарь:
-Девальвация болып, жағдай қиындап кетті. Сосын мен банкке барып жағдайымды айтып, өтініш жаздым. Олар несие көлемін азайтып берді. Өткен жылы қыркүйек айында соңғы рет банкке кредит төледім. Одан кейін несиені қайтаруға мүлде жағдайым келмеді.
Жуырда нәзік жанды мемлекет ұсынған қайта қаржыландыру бағдарламасы жайлы интернеттен біліп, бірден құжаттарын жинауға кіріскен. Жолы болғыш жан аталмыш жобаға легіп, енді американдық валютамен төлеп келген несиесін, теңгеге аударып, қалған қарызды 12 жыл бойы 3 пайыздық үстемеақымен өтемек.
Валентина Лымарь:
-Мен қайта қаржыландыруға леккеннен кейін 1 рет қарызымды төледім. Енді айына 28 мың теңге төлейтін боламын. Бұл әрине 54 мың жалақысы бар мен сияқты адамдарға үлкен қолдау болып отыр.
Жалпы аталмыш бағдарламаға қатысуға 300 солтүстікқазақстандық ниет білдірген. Солардың 160-ы мемлекет көмегіне ие болмақ.
Магжан Ахмадина