МТРА жаңалықтары

Аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Татьяна Ефанова- Рижская көшесі, 133 үйінің тұрғыны:

-Алғысымыз шексіз. Үй танымастай өзгерді. Бұрын сырты жарылып, балшығы түсіп, әбден нашар күйде болатын. Енді міне толығымен әктеліп, сырланды. Үй тұрғындарының көбі зейнеткерлер мен мүгедек жандар. Өз қаржымызға біз оны жөндей алмас едік.

Ал көрші баспана, Рижская көшесі бойында орналасқан 139-шы үйдің сыртын жөндеуге «Казстройполис» ЖШС қызметкерлері енді ғана кіріскен. 60 жыл бұрын тұрғызылған ғимарат, осыған дейін жұпыны күйде болатын. Жыртық-жамау қабырғалар, 16 пәтерлі баспанаға еш көрік бермейтін. Тұрғындар мұның барлығы алдағы уақытта өзгеретіндігіне қуанышты. Бірақ үйдің бұдан да бөлек, мәселелері жетерлік.

Нина Горбатова- Рижская көшесі, 139 үйінің тұрғыны:

-Бізге енді шатырды жөндеу қажет. Жауын болса, үнемі пәтерлерге су кіреді. Подъездерді де қалыпқа келтірсе жақсы болар еді. Одан бөлек аулаға асфальт төсеу керек. Десе де, үй сыртын жөндеу жұмыстары басталғанана қуаныштымыз.

Осыған дейін адам көргісіз болған үй ауласы, қазір біраз қалыпқа келтірілді. Сондықтан тұрғындар «даяр асқа, тік қасық» болмай, осындай әдемілікті сақтап, өздері де аббаттандыру жұмыстарына ат салысулары қажет.

Дәулет Қалиасқаров- Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

-Қала әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар үйдің сыртын қалыпқа келтіру керек деген өтініш айтқан болатын. Бұл ұсынысты біз назарға алып, 1 айдан астам уақыт ішінде бір баспанада жөндеу жұмыстарын аяқтадық. Екіншісіне енді кірісіп отырмыз. Бұдан бөлек, ауланы аббаттандырудамыз.

Айта кету керек, мұндай жұмыстар үшін үй тұрғындары қаржы төлемейді. Қалыпқа келтіру шаралары облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Алдағы уақытта қаладағы тағы осындай 30 ауланы аббатандыру жұмыстары жасалмақ.

 

 

Магжан Ахмадина